Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2025 жылғы 26-27 мамырда Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров «Yerevan Dialogue 2025» халықаралық форумына қатысты

26.05.2025 289

2025 жылғы 26-27 мамырда Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров «Yerevan Dialogue 2025» халықаралық форумына қатысты.

Ереванда өткен «Yerevan Dialogue 2025: Navigating the Unknown» халықаралық форумы саясаткерлерді, сарапшыларды және азаматтық қоғам өкілдерін біріктірді, онда қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері талқыланды.

Форум аясында Н. Бекназаров «Әлем тоғысындағы парламенттік өлшем: демократия арқылы қауіпсіздік пен өркендеуге» атты сессияда сөз сөйледі. Сонымен қатар, Армения Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Рубен Рубинянмен және Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен екіжақты кездесулер өтті.

«Yerevan Dialogue 2025» форумына қатысу — құқықтық және парламенттік ынтымақтастық саласындағы тәжірибе алмасудың, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен орнықты даму бойынша бірлескен қадамдарды талқылаудың маңызды алаңы болды.

Бөлісу