Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта Италия Президентімен кездесу өтті

29.09.2025 272

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келген Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелламен кездесуіне қатысты. Бұл тарихи сапар Қазақстан мен Италия арасындағы қатынастардың жоғары деңгейін айқындайды.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Саяси диалогтың табысты дамып келе жатқаны, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың жандана түскені, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейіп отырғаны атап өтілді. Тараптар Италия Президентінің бұл сапары стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Екі жақ парламентаралық байланыстарды дамытуға, заң шығару тәжірибесімен алмасуға және «Қазақстан – Италия» достық топтары аясындағы ынтымақтастыққа назар аударды.

Сондай-ақ Италияның Орталық Азия мемлекеттерімен өзара іс-қимылды ілгерілетудегі рөлі сөз болды. Осы орайда тараптар Астанада өткен «Орталық Азия – Италия» бірінші саммитінің қорытындыларының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында рухани дипломатияны дамыту мәселесі де қозғалды. Қазақстандық тарап әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне италиялық өкілдердің қосқан үлесіне алғыс білдірді. Сонымен қатар, бүкіл аймақ үшін маңызды оқиғаға айналған Рим Папасы Францисктің Қазақстанға тарихи сапары да еске алынды.

Өз кезегінде Италия Президенті Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады.

Бөлісу