Сенатор Н.Бекназаров Парламент Сенаты делегациясының құрамында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Страсбург қаласында өткен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты. Сенатор Н.Бекназаров Қазақстанды халықаралық алаңда таныстыратын Сенаттың ресми делегациясының құрамында болды.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалардың негізгі бағыттары, парламенттік дипломатияны дамыту, адам құқықтарын қорғау және мемлекеттік институттардың ашықтығын арттыру мәселелері қаралды.
Қазақстан делегациясы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы мен Еуропа Кеңесінің басшылығымен бірнеше кездесулер өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту және заңнамалық тәжірибе алмасу мәселелері бойынша пікір алмасты.