Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауының негізгі бағыттары мен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция отырысына қатысты

11.11.2025 278

NARXOZ университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауының негізгі бағыттары мен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары Жақып Асанов және конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров қатысты.

Конференция барысында Жолдауда белгіленген мемлекеттік реттеу саясатын жетілдірудің негізгі бағыттары қаралды. Қатысушылар мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту, цифрлық құралдарды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау үшін құқықтық механизмдерді нығайту мәселелерін талқылады.

Арнайы сессияда Кәсіпкерлік кодекстің мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы заманауи серіктестік моделін қалыптастырудағы рөлі қаралды.

Сенат Төрағасының Орынбасары Ж. Асанов кіріспе сөзінде, кодекстің қалыптасуы сенімге негізделген тұрақты және болжамды реттеуші ортаны құрудағы маңызды кезең болғанын атап өтті.

Талқылаулар барысында әкімшілік юстицияны дамыту, реттеуші процестердің ашықтығын арттыру, кәсіпкерлік бастаманың еркіндігі мен жауапкершіліктің теңгерімін сақтау мәселелері көтерілді. Қатысушылар заңнамалық механизмдерді жетілдірудің ашықтық, болжамдылық және технологиялық принциптерге негізделуі қажет екенін ерекше атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру және кәсіпкерлік ортаны әрі қарай дамыту үшін мемлекет, сарапшылар қоғамы мен бизнестің белсенді өзара әрекеті маңызды екені атап өтілді.

Бөлісу