Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Н. Бекназаров пен А. Қапбарова Абай ауданы тұрғындарымен кездесті

05.01.2026 135

   Шымкент қаласында Сенат депутаттары Н. Бекназаров пен А. Қапбарова Абай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, азаматтарды толғандырып жүрген әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер кеңінен талқыланды.

Тұрғындар тарапынан жер қатынастары, заңсыз құрылыстарды реттеу, жаңақұрылыс аумақтарын газ және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

  Атап айтқанда, Ынтымақ-2 және «Достық» шағынаудандарындағы заңсыз салынған тұрғын үйлерге қатысты ахуал, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

  Сонымен қатар, Жиделі, Ақжайық және Нұршуақ шағынаудандарында газ жүйесінің жоқтығы мәселесі қозғалып, оны шешу үшін тиісті мемлекеттік органдар тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатқаны айтылды.

   Бұдан бөлек, тұрғындар Асар шағынауданында балалар санының артуына байланысты жаңа мектеп пен мәдениет үйін салу қажеттігін көтерді.

   Кездесу барысында сенаторлар азаматтардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заң аясында және кезең-кезеңімен шешілуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жалғасатынын, сондай-ақ бұл сұрақтардың парламенттік бақылауда болатынын атап өтті.

Бөлісу