Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Шымкент қаласы прокуратурасының қызметімен танысты

06.01.2026 148

  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс сапары аясында Шымкент қаласы прокуратурасында болып, қадағалау органы басшылығымен кездесті.

  Кездесу барысында сенаторларға құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, прокуратураның үйлестіруімен есірткі жарнамаларын жоюға 3 мыңнан астам коммуналдық қызметкер тартылып, 10 мыңнан астам наркограффити жойылғаны, 2,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

  Сондай-ақ кибералаяқтықтың алдын алу шеңберінде прокуратура жанындағы колл-орталық арқылы бір айдың ішінде 54 мыңнан астам алаяқтық әрекетке тосқауыл қойылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 95 істің бір тәулікте қаралғаны және 150 жәбірленушіге көмек көрсетілгені хабарланды.

  Өз кезегінде сенаторлар Мемлекет басшысы жүктеген «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қабылданған заңдардың өңірде орындалуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты жүйелі әрі үйлесімді түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу