Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Шымкент қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметімен танысты

08.01.2026 152

  Жұмыс сапары аясында Сенат депутаттары – Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласында орналасқан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметімен танысты.

   Кездесу барысында орталықтың егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдау, олардың белсенді ұзақ өмір сүруіне жағдай жасау және қоғам өміріне тарту бағытындағы жұмысы туралы ақпарат берілді.

   Атап айтқанда, орталықта көрсетілетін қызметтер медициналық-сауықтыру, физикалық белсенділік, психологиялық қолдау, әлеуметтік және мәдени-танымдық қызметтер, шығармашылық және еңбек терапиясы, білім беру, цифрлық және тілдік сауаттылық, сондай-ақ құқықтық кеңес беру бағыттарын қамтиды.

   Сенаторлар егде жастағы азаматтарды қолдау мәселелері әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтіп, белсенді ұзақ өмір сүруге жағдай жасау қарттардың әлеуметтік ортадан шет қалмауына және қоғаммен байланысын сақтауға ықпал ететініне назар аударды.

    Кездесу қорытындысында сенаторлар егде жастағы азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау тетіктерінің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері алдағы уақытта да назарда болатынын жеткізді.
Бөлісу