Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар «Alsera KZ» жылыжай кешенінің жұмысымен танысты

08.01.2026 142

  Өңірлердегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын, жұмыспен қамту, өндірістік әлеует және әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын жергілікті жерде зерделеу мақсатында Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «Бозарық» индустриялық аймағында орналасқан заманауи «Alsera KZ» жылыжай кешеніне барды.

  Сапар барысында сенаторлар кәсіпорынның өндірістік қызметімен, қолданылып жатқан агротехнологиялармен, еңбек жағдайларымен, сондай-ақ жобаның өңір экономикасы мен еңбек нарығына қосып отырған үлесімен танысты.

  «Alsera KZ» — агроөнеркәсіп саласындағы ірі шетелдік инвестициялық жоба. Жоба шамамен 650 млн еуро көлеміндегі шетелдік инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Кешен аумағы 650 гектарды қамтиды, алғашқы кезеңі іске қосылып, өндіріс процесі жолға қойылған.

  Қазіргі уақытта кәсіпорында 300-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, өндірісті кеңейтуге байланысты компания қосымша шамамен 200 адамды жұмыспен қамтуға өтінім берген.

  Кадр даярлау мәселесіне де назар аударылды. Кешен аграрлық колледждермен ынтымақтастық орнатып, студенттердің өндірістік практикадан өтуіне жағдай жасап отыр, сондай-ақ аграрлық сала мамандарын жұмысқа тартуда. Сонымен қатар, компания кадр даярлау мен практикалық оқытуды күшейту мақсатында агроакадемиялық орталық құру мүмкіндігін қарастырып отырғанын жеткізді.

  Сонымен бірге, компания әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде өндіріс орналасқан аумақта балабақша мен мектеп салу бойынша әлеуметтік міндеттемелер алғанын хабарлады.

  Сапар барысында сенаторлар кәсіпорын басшылығымен өндірістің дамуы, жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ мұндай жобалардың іске асырылуы елімізде шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі тұрақты жағдай қалыптасқанын көрсететіні атап өтілді
Бөлісу