Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаттары Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарымен жұмыс кездесуін өткізді

30.12.2025 140

  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарымен Парламенттің заңнамалық жұмысының нәтижелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

  Кездесу барысында Нұрлан Бекназаров Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Сегізінші шақырылымның соңғы сессиясында Парламент 40-тан астам заңнамалық акт қабылдағанын атап өтті. Бұл шешімдер экономиканы жүйелі жаңғыртуға, цифрлық трансформацияны құқықтық тұрғыдан бекітуге, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға және өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

  Сондай-ақ осы кезеңде Құрылыс кодексі, Цифрлық кодекс және «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданып, елдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланған маңызды құқықтық шешімдер қабылданды.

  Өз кезегінде Айгүл Қапбарова қабылданған Құрылыс кодексінің қалалар үшін маңызын атап өтті. Қала құрылысы мен жоспарлау жүйесі ашық, болжамды және теңгерімді болуы тиіс. Жаңа нормалар ретсіз құрылысқа жол бермеуге, әлеуметтік инфрақұрылымның уақтылы дамуын қамтамасыз етуге және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

  Кездесу барысында мәслихат депутаттары тарапынан жақында қабылданған Салық кодексінің жекелеген нормаларын қолдану мәселелері бойынша сұрақтар, сондай-ақ балаларға арналмаған контентті шектеу, өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен қоғамдық құндылықтарды нығайту тақырыптары көтерілді. Қойылған сұрақтар бойынша сенаторлар тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.

  Кездесу қорытындысында мәслихат депутаттарымен заңнамалық мәселелерді талқылау және қабылданған заңдардың өңірлік деңгейде тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ қала үшін қажетті инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелері және осы бағыттағы өзара іс-қимылды күшейту жолдары талқыланды.

Бөлісу