Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаттары Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қатысты

30.12.2025 142

  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты.

  Сессияға Шымкент қаласының әкімі, қала активінің өкілдері, мәслихат депутаттары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Күн тәртібінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге және бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты өзекті сұрақтар қаралды.

  Сессия барысында қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, салықтық реттеуге, қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ мәслихаттың бірқатар шешімдерін өзектендіруге қатысты ұсыныстар талқыланды. Қаралған мәселелер қаланың тұрақты дамуына және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталды.

  Сессияның қорытынды бөлігінде сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Парламентте қабылданған заңдар мен заңнамалық өзгерістер туралы кеңінен баяндады. Атап айтқанда, әлеуметтік саясатты жетілдіруге, цифрландыруды құқықтық тұрғыдан реттеуге, бюджет процесінің ашықтығын арттыруға, құрылыс және қалалық даму салаларын жүйелеуге бағытталған заңдардың негізгі нормалары түсіндірілді. Бұл заңдардың өңірлердің дамуына және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

  Сенаторлар қабылданған заңдардың өңірлерде тиімді іске асырылуы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың үйлесімді жұмысына тікелей байланысты екенін атап 
Бөлісу