Жоғары Сот Кеңесінің 10 жылдығына арналған Түркі сот-құқықтық даярлық желісі аясындағы халықаралық форум
Астанада Жоғары Сот Кеңесінің 10 жылдығына арналған Түркі сот-құқықтық даярлық желісі аясындағы халықаралық форумы өтті.
«Адам құқықтарын қорғау және тиімді сот төрелігі: ұлттық дәстүрлер мен халықаралық стандарттардың теңгерімі» тақырыбындағы форум судьяларды даярлау мен іріктеудің заманауи тәсілдерін талқылайтын алаңға айналды.
ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров және комитет депутаттары Жоғары Сот Кеңесінің онжылдығына арналған сот-құқықтық даярлық жөніндегі Түркі желісі халықаралық форумына қатысты.
Сондай-ақ, форум жұмысына Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан делегациялары, мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің өкілдері, Парламент депутаттары, заңгерлік қауымдастық, ғалымдар және халықаралық сарапшылар қатысты.
Қатысушылар Түркі желісіне мүше елдердің судьяларды даярлау саласындағы бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті: тұрақты тәжірибе алмасу, білім беру стандарттарын үйлестіру және ортақ бастамалар сот жүйесіне деген сенімді арттырып, өңірлік ынтымақтастықты дамытуға серпін береді.