Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы – ауылды кешенді дамытуға бағытталған стратегиялық маңызды алаң болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы – ауылды кешенді дамытуға бағытталған стратегиялық маңызды алаң болды.
Жиында ауыл әкімдерінің тікелей сайлануы жергілікті басқару жүйесін нығайтып, халықпен тиімді байланыс орнатуға жол ашқаны атап көрсетілді. Бұл реформа ауыл мәселелерін сол жерде шешуге, шешімдерді жедел әрі нақты қабылдауға мүмкіндік берді.
Ел Президенті ауылдың жағдайы – елдің стратегиялық дамуының өзегі екенін ерекше атап өтті. Халқымыздың тамыры ауылмен сабақтас болғандықтан, ауылды өркендету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Осы орайда, Ел Президенті ауыл әкімдерінің қызметіне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
Атап айтқанда:
- Мемлекет басшысы әкімдерді кәсіби маман ретінде тағайындау, шешім қабылдау сапасын арттыру және жауапкершілікті нақтылау бойынша міндеттеді.
Бұл ауыл әкімдерінің тұрғындардың мәселелерін тиімді әрі жылдам шешуіне, басқарудың нақты нәтижесін көрсететін болады.
- Әкім институтының өкілеттігін заң жүзінде нақтылау және олардың құқықтары мен міндеттерін бекіту мәселесі назарға алынды.
Бұл басқарудың сенімділігін күшейтеді, әкімдердің мәртебесін қорғауға жол ашады және жергілікті басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
- Төртінші деңгейлі бюджетті тиімді жоспарлау және қаржыны мақсатқа сай пайдалану міндеті қажеттігі айтылды.
Бұл ауылдық жобалар мен әлеуметтік бастамаларды сапалы іске асыруға жағдай жасайтын болады.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Парламент депутаттарына да нақты бірқатар міндеттер жүктеген болатын.
Олар:
- Аудан әкімдерін сайлау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты сараптау. Бұл жергілікті басқарудың тиімділігін арттыруға, әділ шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
- Әкімдердің өкілеттігін нақтылау және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру. Бұл олардың заңдық мәртебесін күшейтеді және ауылды дамытудың құқықтық негізін қалыптастырады.
Жалпы іс-шара әкімдерге тәжірибе алмасуға, ортақ мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасады.
Ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар мен кешенді қадамдар жүйеленіп, нақты бағыттар анықталды.
Аталған диалог-платформа ауылды кешенді дамытуға арналған стратегиялық маңызды іс-шара болып табылады. Шара барысында қабылданған шешімдер әкімдердің тиімділігін арттыруға, жергілікті басқарудың практикалық нәтижелерін күшейтуге бағытталды.
Осы орайда, Президенттің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуы ауылдық аймақтардың әлеуетін толық іске асыруға, әлеуметтік және экономикалық дамуды жеделдетуге қосымша серпін береді.
Бірлескен әрекеттер елдің тұрақты дамуына, ауылдардың өркендеуіне және мемлекеттік жүйенің тиімді жұмысына тікелей ықпал етеді. Мұндағы басты міндет – барлық күш-жігерімізді біріктіре отырып, Президенттің тапсырмаларын сапалы орындап, нақты нәтижеге қол жеткізу.