Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды тарихи қадам.

11.02.2025 136
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды тарихи қадам.
Біз референдумда дауыс беріп, қолдау арқылы жаңа Ата заңымызды қабылдай отырып, еліміздің ертеңгі даму бағытын айқындаймыз. 
Сондықтан алдағы жалпыхалықтық дауыс беру – ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандық үшін айрықша жауапты кезең.
Жаңа Конституция жобасы депутаттардан, саяси партиялардан, сарапшылар қауымынан, заңгерлер мен қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарап және жан-жақты талқылау нәтижесінде қалыптасты. Бұл – кең қоғамдық диалог пен шынайы келісімнің жемісі. Құжатта қоғамның түрлі пікірлері мен ұстанымдары ескеріліп, ортақ мүддеге негізделген тұжырымдар көрініс тапты.
Жаңа редакция ұлттық бірегейлігімізді айқындай отырып, тарихи сабақтастықты сақтайды және болашаққа бағдар береді. Онда халқымыздың түбегейлі құндылықтары – тәуелсіздік, бірлік, әділеттілік, заң үстемдігі және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары берік орныққан. Бұл құндылықтар уақыт сынынан өткен, бүгін де, келешекте де өз маңызын жоғалтпайтын жалпыұлттық негіздер болып қала береді.
Ата Заңның жаңа мәтіні конституциялық құрылыстың іргелі қағидаттарын сақтай отырып, қазіргі заманғы сын-қатерлерге қатысты ұстанымымызды нақтылайды. Онда билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттыру бағытындағы жаңашылдықтар көрініс тапқан. Бұл өзгерістер қоғам мен мемлекеттің стратегиялық даму талаптарына толық жауап беріп, еліміздің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және басқару сапасының жаңа деңгейге көтерілуіне негіз болады.
Тұтастай алғанда, жаңа Конституция – тек құқықтық құжат қана емес. Ол – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің берік іргетасы, еліміздің жаңа даму кезеңіне қадам басуының айқын көрінісі.
Сондықтан осынау тарихи кезеңде әрқайсымыз парасаттылық танытып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. 
Сондақтан референдумға белсенді қатысып, таңдау жасау – бұл біздің азаматтық борышымыз, тәуелсіз Қазақстанның ертеңіне деген ортақ жауапкершілігіміз.
Бөлісу