Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (07.09.2022 Мәжіліс мақұлдағанға дейінгі тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»)" ҚР Заң жобасы

21.09.2022 302

Заң жобасы кинематография және мәдениет саласындағы құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ кинематография және мәдениет мәселелерін реттейтін ҚР жекелеген заңнамалық актілерінің нормаларын сәйкестікке келтіру мақсатында әзірленді.

Аталған заң жобасымен Қазақстан Республикасының 3 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі көзделіп отыр. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы», «Мәдениет туралы» және «Кинематография туралы» заңдарына.

Заң жобасында келесі нормалар қарастырылған:

- 25 қазанда атап өтілетін Республика күні ҚР Ұлттық мерекесі ретінде айқындалады;

- Тәуелсіздік күні, 16 желтоқсан – мемлекеттік мереке ретінде анықталады;

- ҚР Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан мемлекеттік мерекелер қатарынан шығарылады;

- мәдениет саласындағы уәкілетті органның (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің) құзыреті мынадай жаңа функциялармен толықтырылады;

- мемлекеттік музейлердің мәдени құндылықтарды қорғау мен сақтауды қамтамасыз ету қосымша функциясы енгізіледі;

- «кинематографиялық қызмет субъектісі», «киносериал», «киноспектакль», «кинофестиваль», «продюсер», «ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары» деген жаңа ұғымдар енгізілуде;

– «дебюттік фильм» - «Фильмдердің мемлекеттік қоры», «фильм» ұғымдары нақтылануда;

- Кинематография туралы ҚР заңнамасымен реттелген киножобаларды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша қызметтерді сатып алу бөлігінде құқықтық қатынастарға ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші таралмайтындығын белгілейтін норма көзделген.

- кинематография саласындағы уәкілетті органға ҚР аумағына әкелінетін, қазақ тіліне дубляж жасау үшін балалардың анимациялық фильмдері мен отбасылық көруге арналған фильмдерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша қосымша құзырет беріледі;

- ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілдері анықталды: 70% - тарихи, патриоттық және имидждік; 30% - жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдерді қаржыландыруға;

- мемлекеттік қолдауды қазақ тіліне дубляж түрінде алған балалардың анимациялық фильмдері мен отбасылық көру үшін фильмдерді прокаттау қазақ тілінде жүзеге асырылуы тиіс деген норма енгізіледі.

Заң жобасын тұтастай қабылдау, отандық кинематографияны қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады деп күтілуде.
Бөлісу