Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасының Әкімшілік қуқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

26.11.2019 11

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік қуқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - заң жобасы) «Мемлекет басшысының 2018 жылгы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындагы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 92- тармагына сәйкес әзірленген.

Заң жобасы әкімшілік-деликтік заңнамасын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті (бұдан әрі - ӘҚБтК) ізгілендіруге және репрессивтілігін төмендетуге багытталган, оның ішінде:

-     әкімшілік құқық бұзушылықтың бірқатар құрамын азаматтық немесе тәртіптік жауапкершілік саласына ауыстыру;

-     ықтимал жеңілдету және төмендету мәніне әкімшілік әрекеттер санкциясын қайта қарау;

-     әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін сот және соттан тыс сатылар арасындағы өкілеттіктерді бөлу;

-     әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті электрондық форматка кезең-кезеңімен аудару;

-            ӘҚБтК кұкық қолдану тәжірибесінде анықталган құқықтық кемшіліктер мен қақтығыстарды жою.

 Заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқартуына немесе шығыстарының ұлғаюына алып келмейді.

Бөлісу