Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы

21.01.2020 0

Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясы  (бұдан әрі - Конвенция) 2017 жылғы 9 маусымда Астанада жасалды.

Конвенцияның мақсаты тараптардың экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастығының тиімділігін арттыру болып табылады.

Конвенцияның 3-бабына сәйкес Тараптар егемендік теңдік, мемлекеттердің аумақтық тұтастығы және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына сәйкес Конвенция шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асырады.

Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға қатысты юрисдикцияны белгілеу қағидаттары Конвенцияда айқындалады.

Әрбір Тарап өзінің құқықтық жүйесінің негізгі қағидаттарына сәйкес экстремизмге және экстремизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық деңгейде шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.

Конвенция Тараптар жасалғаны үшін өздерінің құқықтық  жүйлерінің негізгі қағидаттарын ескере отырып, азаматтық-құқықтық, әкімшілік не қылмыстық жауаптылықты белгілеуге тиіс іс-әрекеттердің  тізбесін белгілейді.

Бұдан басқа, Конвенцияда сотталғандарды ұстап беру және беру, құқықтық  көмек көрсету, мүлікті тәркілеу мәселелеріне жәрдемдесу, оларды шешу туралы сұрау салуларды орындау ерекшелітері белгіленеді.

Бөлісу