Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы»

07.04.2020 0

Келісім мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу кезінде Азия Даму Банкінің ережелері мен талаптарын сақтау бойынша нормаларды белгілейді. Олар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, экологиялық және әлеуметтік қорғау шаралары, негізгі еңбек стандарттары, төлемдер, ақпаратты ашу, гендерлік даму бойынша ережелер мен талаптар.

Бұл шарттарды мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыздарда қолдану жобалардың қаржыландыру тетіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Келісімге сәйкес ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары макроэкономикалық орнықтылықты арттыру, инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтерді жаңғырту, ауыл шаруашылығы секторын дамытуға жәрдемдесу, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту, инфрақұрылымға және денсаулық сақтау мен білім беру сияқты әлеуметтік секторларға инвестицияларды ұлғайту болып табылады.

Бөлісу