Сенатор А. Қапбарова ТМД ПАА тұрақты комиссияның отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова ТМД Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссияның отырысына қатысты.
Әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі отырыста сенатор Айгүл Қапбарова «Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы» үлгі заң жобасын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын бағалау жөніндегі ұсынымдарды және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына бақылауға қойылатын талаптарды басқа елдердің парламентшілерімен бірге қарады.