Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Личпен кездесу
ҚР Парламенті Сенатының делегациясы құрамында Айгүл Қапбарова Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Личпен кездесуге қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар гендерлік теңдік, ынтымақтастық мәселелерін және Қазақстан мен Ұлыбританияның жасыл энергетика, цифрландыру, фармацевтика және өңдеу өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын талқылады.