Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 4-ші отырысына қатысуы
2024 жылғы 28 қаңтарда Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 4-ші отырысы өтті.
Іс-шараға екі елдің парламент депутаттары, салалық министрліктердің өкілдері, өңірлік билік органдары мен дипломатиялық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Отырыста өзара сауданы дамытуға, экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, мәдени-гуманитарлық әріптестікті нығайтуға және Орталық Азияда бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.
Өз сөзінде Айгүл Қапбарова Қазақстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындарының филиалдарын бітірген түлектерді жұмыспен қамту және бірлескен білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, ол аталған филиалдардың дипломдарын екі елде тану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, сенатор Қапбарова біздің елдеріміздің мемлекеттік архивтері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ ғалым-тарихшылар мен архивистердің тарихи құжаттарды зерттеуге қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынды.
Отырыс барысында сондай-ақ өзара сауданы дамытуға, экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және Орталық Азиядағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.