Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Айгүл Қапбарова ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

02.04.2025 151

Бүгін Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламент депутаттары қатысты. Қазақстан атынан Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі, сенатор Айгүл Қапбарова онлайн форматта қатысты.

Парламент мүшелері әлеуметтік саясат, адам құқықтары, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, түрлі заңнамалық бастамалар мен ұсыныстар қаралды. Комиссия мүшелері ТМД мемлекеттері арасында әлеуметтік қорғау, еңбек миграциясы және адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін атап өтті.

Сенатор Айгүл Қапбарова халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыстарды нығайту, әлеуметтік саясат пен адам құқықтары саласындағы заңнаманы үйлестіру, сондай-ақ ТМД елдері арасында диалогты күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.

Бөлісу