Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Шымкентте маңызды инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты

18.07.2025 94

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Момынов пен Тіленшин көшелеріндегі теміржол өткелдерінің құрылысымен танысты. Мұнда құрылыс мерзімінің сақталуына, атқарылатын жұмыстың сапасына және бюджет қаржысын тиімді игеруге ерекше назар аударылды.

Бұл жоба мегаполистегі ең өткір көлік проблеманың бірі – пойыздардың өтуіне байланысты қозғалыстың жабылуынан туындайтын кептелісті шешуге бағытталған. Халық тығыз орналасқан осы көшелер шағын аудандарды негізгі әлеуметтік және экономикалық нысандармен байланыстырады. Әкімдіктің мәліметі бойынша, бұл көшелерден күн сайын ондаған мың автокөлік жүріп өтеді. Осы мәселеге орай тұрғындардың өтініші Парламентте қаралғаннан кейін 2025 жылғы республикалық бюджетте аталған жобаны іске асыруға қаржы көзделген болатын.

Бұл бастама Сенаттың өңірлер Палатасы ретіндегі жұмысы мен азаматтардың мүддесін дәйекті түрде қорғаудың және жергілікті жерлерде көтерілетін мәселелерді уақтылы қарау мен қолдауды қамтамасыз етудің мысалы болып табылады.

«Бұл инфрақұрылым жобасы Шымкент қаласының көлік жүйесін жақсартуға, кептелісті азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Ол қала тұрғындарының өмір сүру сапасына және өңірдің туристік және экономикалық әлеуетін дамытуға тікелей әсер етеді. Біз тұрғындарды толғандыратын мәселелерді назарда ұстай отырып, осындай жобаларды іске асыру барысын одан әрі бақылайтын боламыз», - деп атап өтті Нұрлан Бекназаров.

Сенатор Айгүл Қапбарова көлікке арналған ыңғайлы жолайрықтары қала экономикасының дамуына оң әсер ететінін және оңтүстік мегаполис тұрғындарының өмір сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететінін атап өтті.

Бөлісу