Сенатта Қазақстан мен Бельгияның парламентаралық ынтымақтастығын кеңейтудің келешегі талқыланды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясының құрамында Айгүл Қапбарова сенатор Стефани Д' Оз бастаған Бельгия Федералдық Парламенті Сенатының делегациясымен кездесуге қатысты.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастық, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ экономика, көлік және логистикадағы өзара іс-қимылдың келешегі туралы ауқымды мәселелерді талқылады.
Тараптар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын, жасыл энергетиканы және климаттық күн тәртібін дамыту мәселелерін талқылады. Цифрлық технология және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық дербес бағытқа айналуда.
Стефани Д' Оз әңгіме барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға назар аударды.