Мажарстан Президентімен кездесу
Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен делегация құрамында депутат Айгүл Қапбарова Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамашем Шуйокпен кездесті.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, екі елдің парламентаралық іс-қимылының басым бағыттарына назар аударды.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы өзара іс-қимылды арттыруда парламентаралық диалог маңызды рөл атқаратыны айтылды. Осыған орай достық топтары мен парламентаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты және парламентаралық байланыстарды әрі қарай жандандыру тетіктеріне баса мән берілді.
Сұхбаттасушылар Digital Bridge 2025 Халықаралық технологиялық форумының күн тәртібіне – ақпараттық технологиялар, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жаңа тәсілдерге ерекше назар аударып, алдағы ынтымақтастықтың, оның ішінде білім беру саласындағы бірлескен іс-қимылдың басымдықтарын белгіледі.
Сонымен қатар кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастыққа, мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыруға қатысты мәселелер талқыланып, түрлі салада бірлескен жобаларды іске асыру барысы сөз болды. Тараптар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, көлік, энергетика, инфрақұрылым бағыттарын дамыту жолындағы Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қорының қызметі жөнінде пікір алмасты.