Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының делегациясымен кездесу
Сенат депутаттары Әли Бектаев, Нұрлан Бекенов және Айгүл Қапбарова Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысы депутаттарының делегациясымен, оның ішінде «Әділет және даму партиясы» төрағасының түркі елдерімен байланыс жөніндегі орынбасары Күршад Зорлумен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және бірқатар бағыттар бойынша қазақстандық-түріктік әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
Кездесуде де сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастыққа, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге қатысты мәселелер талқыланды және түрлі салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы пікір алмасу өтті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ және қорғаныс өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, қаржы және азаматтық авиация сияқты басқа да салалар туралы сөз қозғалды.