Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарымен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады

30.12.2025 99

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарымен жұмыс кездесуін өткізіп, жергілікті өкілді органның кезекті сессиясына қатысты.

Іс-шаралар барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті басқару жүйесін жетілдіру және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында қабылданған заңнамалық бастамаларды іске асыруға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Талқылауға қала әкімі, қалалық актив өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

«Сегізінші сайланған Парламенттің қорытынды сессиясы аясында экономиканы жүйелі жаңғыртуға, цифрлық шешімдерді дамытуға, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға және өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған 40-тан астам заңнамалық акт қабылданды. Негізгі құжаттардың қатарында Құрылыс кодексі, Цифрлық кодекс және елдің ұзақ мерзімді құқықтық негізін қалыптастыратын «Жасанды интеллект туралы» заң бар», - деді Нұрлан Бекназаров.

Кездесу барысында қала құрылысы және қалалық ортаны кешенді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Айгүл Қапбарова Құрылыс кодексінің қабылдануы аумақтарды жоспарлаудың ашық әрі теңгерімді жүйесін қалыптастыруға, ретсіз құрылыс салуға жол бермеуге және қала тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа тәсілдер халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, қалалардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Диалог барысында мәслихат депутаттары Салық кодексінің жекелеген нормаларын іске асыру, балаларға арналған контентті реттеу, сондай-ақ қоғамдық құндылықтарды нығайту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, қауіпсіздік пен қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстар қаралды.

Кездесу соңында сенаторлар қатысушыларды әлеуметтік саясатты жетілдіруге, цифрландыруды дамытуға, бюджет үдерістерінің ашықтығын арттыруға және өңірлердің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етті. Қабылданған заңдардың тиімді іске асырылуы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өзара үйлесімді жұмысына, сондай-ақ қоғамның белсенді қатысуына тікелей байланысты екені атап өтілді.

Бөлісу