Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Президент сұхбаты сенаторлардың халықпен кездесулерінде талқыланды

05.01.2026 104

Сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесіп, қалалықтарды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында тұрғындар жер қатынастары, мүлік даулары, кәсіпкерлік қызмет үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ сот шешімдерінің ұзақ уақыт орындалмауы тақырыптарын көтерді. Адамдар заңды күшіне енген сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмай қалатын нақты мысалдары туралы айтты.

Кездесулер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатында ел дамуының іргетасы ретіндегі «Заң және тәртіп» қағидатын, сондай-ақ заңды шешімдердің орындалуының бұлжымайтындығын және заң алдындағы баршаның теңдігін ерекше атап өткені айтылды. Президенттің айтуынша, заңдылықты сақтау және мемлекеттік органдардың жауапкершілігі – азаматтардың құқықтарын қорғаудың және қоғамның билікке деген сенімінің басты шарты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қатысты мәселелер айтылды. Парламентшілер қолданыстағы заңнама нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, көтерілген әрбір мәселе бойынша құқықтық консультациялар берді. Кездесу қорытындысы бойынша айтылған проблемаларды салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сот шешімдерінің орындалуына, атқарушы қызметтердің жұмысына және азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер белгіленген тәртіппен қосымша қаралуы тиіс.

Сенаторлар Шымкент қаласындағы Абай ауданының тұрғындарымен бірлесіп, заңсыз салынған құрылыстарды ретке келтіру, жаңа шағын аудандарды газбен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі мәселелерін қарады. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатқаны атап өтілді.

Тұрғындар бала санының өсуіне байланысты Асар шағын ауданында мектеп пен мәдениет үйін салу қажеттігі туралы мәселе көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша сенаторлар қала тұрғындарының барлық ұсыныстары мен мәселелері салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралатынын және парламенттік бақылауда болатынын атап өтті.

Бөлісу