Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Айгүл Қапбарова: Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның дамуына берік негіз қалайды

26.02.2026 92

Сенатор Айгүл Қапбарова Абай атындағы кітапхана қызметкерлерімен кездесті. Диалог барысында Ата Заң жобасының құндылық негіздері, құқық үстемдігі принциптері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуындағы білім мен мәдениеттің маңызы қаралды. Кездесуге қатысушылар өзара пікір алмасып, талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар «Баянсұлу» сауда орталығында қала тұрғындарымен ашық кездесу өтті. Әңгімелесу барысында жаңа Конституцияның әлеуметтік бағыты, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық және институционалдық кепілдіктерді нығайту мәселелері қозғалды.

Айгүл Қапбарова жаңа Конституция жобасы құқықтық тұрақтылықты нығайтуға және қоғамдық-саяси процестердегі азаматтардың рөлін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Ұсынылып отырған өзгерістер заң үстемдігін күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін берік негіз қалайды», - деді сенатор.

Кездесулер ашық әрі сыни тұрғыдан сындарлы диалог форматында өтті. Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін кең ауқымды қоғамдық талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу