Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта Қазақстан-Британ парламентаралық ынтымақтастығының келешегі талқыланды

20.05.2026 84

Айгүл Қапбарова әріптестерімен бірге Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Ақсуорсимен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Британияның саясат, сауда-экономика және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму келешегін, сондай-ақ өзара парламентаралық іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Тараптар сондай-ақ екіжақты байланыстарды нығайтудың маңызды құралы ретінде парламенттік дипломатия мәселесін талқылады. Екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы, оның ішінде парламенттік достық топтары мен халықаралық парламентаралық алаңдар аясындағы өзара іс-қимылдың маңызы туралы айтылды.

Тараптар кездесу барысында әлеуметтік саясат, гендерлік теңдік және әйелдер құқығын қорғау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан-Британ ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттардағы сындарлы диалогты дамытуға өзара мүдделілігін растады.

 

 

 

Бөлісу