Бауыржан
Нұралыұлы
Ақтөбе облысынан сайланған.
1958 жылы 26 қаңтарда Ақтөбе облысы
Темір ауданы Перелюбовка ауылында дүниеге келген.
05.1981-02.1983 жылдары Ақтөбе облысы
Мұғалжар асыл тұқымды жылқы зауыты «Пригородный» фермасының зоотехнигі.
02.1983-09.1984 жылдары Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы «Қазақстан» совхозының бас зоотехнигі.
09.1984-11.1988 жылдары Қазақстан
Компартиясы Мұғалжар аудандық комитетінің Ауыл шаруашылығы бөлімінің
нұсқаушысы.
11.1988-05.1990 жылдары Қазақстан
Компартиясы Мұғалжар аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.
05.1990-05.1991 Ақтөбе облысы Мұғалжар
аудандық «Мұғалжар» агроөнеркәсіптік бірлестігінің төрағасы.
05.1991-06.1992 жылдары Ақтөбе
облысының аудандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасы бастығының
орынбасары.
06.1992-12.1992 жылдары Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы «Ембі» совхозының директоры.
12.1992-07.1996 жылдары Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы «Ембі» ұжымдық ауылшаруашылық кәсіпорнының директоры.
08.1996-07.1999 жылдары Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы «Жем» АҚ президенті.
07.1999-07.2004 жылдары Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы «Белқұдық» ЖШС директоры.
07.2004-06.2008 жылдары Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары.
06.2008-04.2009 жылдары Ақтөбе облысы
Хромтау ауданының әкімі.
04.2009-07.2016 Ақтөбе облысы Темір
ауданының әкімі.
07.2016-08.2020 жылдары Ақтөбе облысы
Шалқар ауданының әкімі.
08.2020 ж. бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «I дәрежелі еңбек даңқы», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медальдарымен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен және грамоталармен марапатталған. Ақтөбе облысының «Жыл адамы». Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарының Құрметті азаматы.
Отбасылы, үш
баласы бар.