Ауыл тұрғындарымен алда өтетін жалпұлттық референдумның маңыздылығы талқыланды
Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау мақсатында Күршім және Самар елді мекендерінің халқымен кездесіп, 6 қазанда өтетін Атом электр стансасын салу бойынша референдумды талқыладық.
Кездесу барысында АЭС құрылысының қажеттілігі мен экономикалық тиімділігі, атом станцияларының қауіпсіздігі, атом саласында кадрлар даярлау туралы сұрақтарға жауап беріп, қатысушылармен пікір алмастық.
Өз сөзімде Қазақстанда атом энергетикасын дамыту көміртексіз энергия генерациясына көшу жағдайында елдің индустриялық экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өттім.
Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарым Шемонаиха ауданы, сондай-ақ Риддер және Өскемен қалаларында жалғасатын болады.