Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы"ҚР Заңы бойынша сөз сөйлеу.

24.10.2024 150

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2022 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына сапары шеңберінде қол қойылды. Келісімде Өзбекстанмен осындай жаңа жеті бағыт бойынша екіжақты ынтымақтастықты кеңейту көзделеді: Біріншіден, Арал бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі бірлескен іс-шараларды әзірлеу, бұл қазақстандық және өзбек тараптарының Арал теңізінің экологиялық дағдарысының салдарын жеңілдету және өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ елеулі және кең ауқымды проблеманы білдіретін құмды-тұзды дауылдарды тежеу жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік береді. Екіншіден, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды мемлекеттік бақылау бөлігіндегі өзара іс-қимыл. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, әкету және транзиттеу қағидалары бекітілгенін атап өту қажет. ​Бұл жағдайда ЕАЭО-ға мүше емес мемлекет қауіпті қалдықтарды одан әрі қалпына келтіру мақсатында оларды әкелуді және әкетуді лицензия негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, Экологиялық кодекске сәйкес ҚР аумағына қауіпті қалдықтарды көму мақсатында әкелуге тыйым салынады. Бұл шаралар қоршаған ортаның ластануын болдырмау мақсатында қауіпті қалдықтардың қозғалысын экологиялық негізделген реттеуге мүмкіндік береді. Үшінші бағыт-қоныс аударатын жануарларды, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында мекендейтін жануарлар түрлерін қорғау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру. Бұл іс-шаралар ақбөкендер, қарақұйрықтар, арқарлар және т.б. сияқты жануарлардың жекелеген түрлерінің жағдайын және олар кездесетін негізгі қауіптерді егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Браконьерлікке, заңсыз аулауға және саудаға қарсы күрес жүргізу, ұлттық энергетикалық және климаттық саясатқа биоәртүрлілік пен қоныс аударатын түрлерді сақтау саясатын енгізу жөніндегі регламентті әзірлеу. Төртінші бағыт. Топырақтың жел эрозиясына төзімділігін арттыру арқылы экожүйелерді тозудан қорғау және құмды дауылдардың алдын алу, табиғи далалар мен шөлдердегі өсімдіктерді қорғау, орман қорғау белдеулерін құру, құмды дауылдар туралы ерте ескерту жүйесін нығайту, климаттық және ауа райы құбылыстары туралы ақпарат алмасу арқылы. Бұл өз кезегінде уақтылы және сапалы болжамдар жасауға көмектеседі. Бесінші бағыт. Климаттың өзгеруіне бейімделу атмосфералық ауаның ластануының, судың ластануының алдын алу және бақылау, қатты тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды басқару, қоршаған ортаның жай-күйі мен қорғалуының мониторингі, сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ететін төтенше жағдайлар туралы өзара хабарлаудың және оларды барынша жоюдың жұмыс механизмін құру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Алтыншыдан, қоршаған орта мониторингі саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша бірлескен конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, сондай-ақ жұмыс топтарын өткізу. Жетінші бағыт-бұл бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді іске қосу, сондай-ақ экология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және екі елдің кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін кадрларды даярлау және қоршаған орта саласындағы бірлескен қызметтің нәтижелерін танымал ету. Осы Келісім су сынамаларын бірлесіп іріктеуді, су сапасы бойынша деректерді және нормативтік құжаттарды талдауды және алмасуды жүзеге асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаның жай-күйін мониторингілеу бойынша өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған. Бұдан басқа, Келісімде Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-өзбек бірлескен комиссиясын құру көзделеді, оның шеңберінде Келісімді іске асыру мәселелерін талқылау жоспарланады. Құрметті төраға, құрметті әріптестер! Бұл заң комитет отырыстарында қаралды. Қаралып отырған заң бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Комитет Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдауды ұсынады.

Бөлісу