Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Әйелдер - сенім мен жаһандық ынтымақтастықты нығайту үшін" тақырыбындағы Төртінші Еуразиялық әйелдер форумы., Санкт-Петербург қ.

18.09.2024 83

"Әйелдер - сенім мен жаһандық ынтымақтастықты нығайту үшін" тақырыбындағы төртінші Еуразиялық әйелдер форумының жұмысына қатысты. Іс-шараға қатысушылар негізгі адами құндылықтарды, дәстүрлер мен мәдениетті сақтау, тарихқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, қалаларды дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, әйелдердің жаңа уақыттағы экономикалық саясатты қалыптастыруға қатысуы және жоғары технологиялық салалардағы әйелдердің кәсіби дамуы мәселелері талқыланды. Форумға әйелдер-парламентшілер, атқарушы билік органдарының, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, бизнестің, ғылыми қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық жобаларының өкілдері, әлемнің көптеген елдерінен келген Халықаралық әйелдер қозғалысының беделді қайраткерлері қатысты.

Бөлісу