"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сұрақ
Менің сұрақтарым ішкі істер министрлігінің өкіліне жолданды.
Заңмен Қылмыстық кодекс сотқа үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолдануға тыйым салуға ерекше талаптар белгілеу құқығын беретін 98-3-баппен толықтырылады.
Осыған байланысты менде бірнеше сұрақтар бар.
Бірінші. Алкогольді ішімдіктерді теріс пайдалану нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың көрсеткіштері бойынша Министрліктің статистикасы қандай? Өйткені, олардың көпшілігі дәл осы себеппен жасалатыны белгілі. Сіз алкогольге тәуелділікпен күресу үшін қолданыстағы ұйымдастырушылық және құқықтық тетіктерді жеткілікті деп санайсыз ба немесе олар жетілдіруді қажет етеді ме?
Екінші. Ішкі істер министрлігі жүргізген талдауға сәйкес отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың жалпы себептері қандай және осы жағымсыз құбылыспен күресу үшін жауапкершілікті қатаңдатудан басқа қандай шаралар қолдану керек?