«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде Комитет отырысы
Құрметті әріптестер!
Сіздің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұсынылып отыр.
Заңныңнегізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының білім беру және бала құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және өзектендіру, сондай-ақ заңнамадағы қайшылықтар мен сәйкессіздіктерді жою, бұл оның оңайлатылуына және тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Баршаңызға белгілі, Мемлекетбасшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялап, балалардың әл-ауқатының елдің табысты болашағының кепілі ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Балаларды қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы билік үшін нақты міндеттер айтылды. Негізгі проблемалардың бірі-балалардың құқықтарын қорғаумен байланысты жағдай. Уәкілетті органдардың мониторингіне сәйкес, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 117 жағдайы тіркелді, олардың көпшілігі балаларды асырауға және тәрбиелеуге арналған ұйымдарда орын алды.
Балаларғақарсы қылмыстар қылмыстық және әкімшілік тәртіпте жазаланады. Алайда, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертудің тиімді тетіктері жоқ. Қолданыстағы жүйесі реформалауды және профилактикалық жұмысты күшейтуді қажет етеді.
Заңныңқабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Ұсынылған шаралар балаларды әлеуметтік қорғауды нығайтуға, білім беру жүйесін жетілдіруге және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыруға бағытталған.
Құрметті әріптестер! Сізден заң жобасын қолдауыңызды және оны ескертулер мен ұсыныстарсыз Бас комитетке жіберуіңізді сұраймын. Назар аударғаныңыз үшін рахмет!
Назарларыңызға рақмет!