ҚР Парламенті Сенаты Спикерінің Ресей Федерациясына іссапары аясында Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесу (Мәскеу қ.)
ҚР Парламенті Сенаты Спикерінің Ресей Федерациясына іссапары аясында Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесу өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан оған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне қатысуға шақыруын табыс етті. Съезд бүгінде халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған іргелі мәселелерді шешу үшін діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру мәселелерін талқылауға арналатын болады. Кездесу барысында тараптар қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы тұрудағы рухани дипломатияның рөлін талқылады.