Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ШҚО-ға жұмыс сапары барысында облыс әкімімен кездесіп, өңірді цифрландырудың негізгі мәселелерін талқыладық

31.12.2024 57

Кездесубарысында өңірді цифрландырудың негізгі мәселелері, атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (ТКШ) қоса алғанда, өмірдің түрлі салаларына заманауи цифрлық технологияларды енгізу талқыланды. Коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту және жергілікті билік жұмысының ашықтығын арттыру үшін цифрлық шешімдерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде, ТКШ саласында цифрландыруды енгізу процестерді оңтайландыруға ғана емес, сонымен қатар азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап өттім. Облыс әкімі өңірдегі цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі ағымдағы жоспарлар мен бастамалар туралы және халық үшін маңызды салаларға инновацияларды одан әрі енгізу үшін бірқатар пилоттық жобалар жүргізу туралы хабарлады. Біз бұл бастамаларды республикалық деңгейде қолдауға дайын екендігімізді білдіріп, өңірдегі цифрландыру үдерістерін жеделдету жолдарын ұсындық.

Бөлісу