Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Аналардың толеранттылықты тәрбиелеудегі рөліне арналған "Ана - ұлттың ұйымдастырушысы" тақырыбындағы модульдік оқыту бағдарламасындағы сөзі, Алматы қ.

17.06.2025 161

Құрметті  Марат Алмасұлы, құрметті қатысушылар!

 

ҚРПарламенті гендерлік теңдік, тұрмыстық зорлық-зомбылық және балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықты криминализациялау, әйелдер бизнесін қолдау және халықаралық ынтымақтастық саласындағы заңнаманы белсенді дамытуда. 

Заңнаманы қалыптастыру мен жетілдіруде шешуші рөл атқара отырып, Қазақстан Парламенті халықаралық стандарттарды да, қоғамның сұраныстарын да көрсететін бірқатар маңызды заңдар мен түзетулер қабылдады.

Заңнамалық бастамаларға толығырақ тоқталып өтейін. 

2024 жылы ҚР Парламенті ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстыратын заң қабылдады, бұл агрессорлардың жауапкершілігін қатаңдатты.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қайталама зорлық-зомбылық пен қылмыс жағдайлары үшін тараптардың татуласуына тыйым салынды.

 Баламалы жазалау шараларын қоспағанда, балаларды өлтіргені немесе зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру. 

Қолданыстағы заңнамаға жүйелі қорлау үшін жауапкершілікті белгілейтін түзетулер. Агрессорларды жазалау салдарға байланысты. Егер жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсаған болса, қорқыту үшін 10 АЕК айыппұлдан 9 жыл мерзімге дейін.

Арнайы бөлімшелер құру. Мәселен, ІІМ-де отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасы құрылды, онда 280 әйел тергеуші жұмыс істейді. 2024 жылы 16 мың әйелдің құқықтары қорғалды.

Дағдарыс орталықтарының желісі құрылды. Отбасын қолдау орталықтарының саны 33-тен 104-ке дейін ұлғайтылды, зорлық-зомбылықты ерте анықтау үшін мобильді топтар құрылды.

Зорлық-зомбылық құрбандарына шұғыл көмек көрсету үшін "111" байланыс орталығы іске қосылды.

Заңнамалық актілерді дайындау үшін Ұлттық комиссияның, ҚХА-ның, Аналар кеңесінің сарапшылары белсенді тартылуда. Олардың қатысуымен Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықтар мен бостандықтарға және балаларды қорғауға кепілдік беретін 50-ден астам құқықтық актілер әзірленді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар іске асырылуда. Мәселен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет кезеңінде 4,1 млрд теңге сомасына 105 мыңнан астам әйелдің жобасына қолдау көрсетті.

Бүгінде әйелдердің тұрғын-үй жағдайын жақсарту бойынша арнайы бағдарламалар бар. "Отбасы банкі" және Азия даму банкі бірлесіп, " Ұмай " ипотекалық бағдарламасын іске асыруда. Үш жыл ішінде, 2021 жылдан 2023 жылға дейін бұл бағдарлама 3 660 қазақстандық әйелге баспана сатып алуға көмектесті. Несиенің жалпы көлемі - 41,2 млрд теңге. 2025 жылы Бағдарлама тұрғын үй құнының ұлғайтылған лимитімен (50 млн теңгеге дейін) қайта басталады. Сонымен қатар, асыраушысынан айырылған әйелдер енді жеке санат ретінде мемлекеттік тұрғын үй кезегіне енгізілді.

Екінші жыл "TechnoWomen" ұйымымен және "Astana Hub" халықаралық Технопаркімен серіктестікте жұмыссыз және бала күтімі демалысындағы әйелдердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған "IT-Aiel" жобасы іске асырылуда. Биыл цифрлық ғылымдарды, киберқауіпсіздік пен электрондық коммерцияны оқытуға барлығы 18 мың қыз бен әйел қамтылды.

Өз кезегінде, 2025 жыл гендерлік күн тәртібінің екі маңызды оқиғасымен,  Пекин декларациясының 30 жылдығы  және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің "Әйелдер. Әлем. Қауіпсіздік" 1325 резолюциясының 25 жылдығы. Бұл - әйелдер құқығын кеңейтуге және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі халықаралық құжаттар. Халықаралық актілерді заңнамалық деңгейде іске асыру әйелдерге тыйым салынған кәсіптердің тізімін жоюға, көп балалы кәсіпкер әйелдерге арналған гранттардың бірыңғай жүйесін әзірлеуге, отбасының цифрлық картасын жасауға, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қордан балаларға төлемдер туралы бастамасын іске асыруға мүмкіндік берді. Бұдан әрі гендерлік мәселелер бойынша әскери кеңесшілерді даярлау, әйелдерді Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖМ, Бас прокуратура жүйелерінде басшылық лауазымдарға ілгерілету көзделуде.

Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) белсенді іске асыруда. Парламентте Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен ТДМ саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссия құрылды. Келесідей юағыттарға ерекше назар аударылды: ТМД 5 - Гендерлік теңдік жәнеТМД 16 - әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған бейбітшілік пен әділеттілік, атап айтқанда: заңнама, статистика және гендерлік стереотиптерге қарсы күрес. Талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары, Аналар кеңесі, Ұлттық комиссия сарапшылары белсенді қатысуда. Барлық ұсыныстар тиісті ұсынымдарға енгізілді.

ТДМ Парламенттік комиссиясының алаңында тиісті бюджеттердің шешімдері мен бекітулерін қабылдау кезінде гендерлік теңдік аспектілері қаншалықты ескерілетіні тұрғысынан гендерлік аудит мәселесі көтерілді. Осы аудиттің қорытындылары мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне, соның ішінде кадр саясатын жүргізу кезінде кешенді гендерлік тәсілді енгізу және олардың іске асырылуын бақылау жөніндегі шаралар болады.

Тұрақты дамудың 17 мақсатының 12-сінде гендерлік компонент бар екенін атап өткен жөн. ТДМ бойынша 5 (гендерлік теңдік) Қазақстан 146 елдің ішінде 76-шы орында.

Global Gender Gap Report 2024 есебінің деректері бойынша Қазақстан ТДМ 5 (гендерлік теңдік) бойынша 146 ел арасында 0,710 индексімен 76-шы орында. Бұл гендерлік теңдікті өлшейтін жылдық индекс. Ол төрт бағыттағы гендерлік айырмашылықтарды бағалайды: экономикалық қатысу және мүмкіндіктер, білім, денсаулық және өмір сүру, саяси құқықтар мен мүмкіндіктер.

Қазақстан ең жоғары нәтижелерді білім беру саласында көрсетуде, онда индекс 0,999 құрайды, бұл толық теңдікке сәйкес келеді. Алайда, экономикалық қатысу және мүмкіндіктер саласында Қазақстан 0,751 индексімен айтарлықтай аз прогресс көрсетіп отыр.

Қазақстанда гендерлік теңдік саласындағы прогресті жеделдету үшін келесідей шараларды қабылдау ұсынылады:

 - әйелдердің еңбек қызметіне, әсіресе жоғары білікті және басшылық лауазымдарға қатысуын ынталандыру;

- әйелдердің сапалы білімге қол жетімділігін арттыру, әсіресе STEM (ғылым, технология, инженерия және математика)саласында;

 - әйелдерге мансап пен отбасылық міндеттерді үйлестіруге мүмкіндік беретін бала күтімі бойынша инфрақұрылымды дамыту және отбасылық бағдарламаларды қолдау;

- кемсітушілікке қарсы күреске және жұмыс орнындағы әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған құқықтық шараларды күшейту.

2030 жылға қарай ТДМ-ға қол жеткізу заңдардың белгілі бір баптарын қатаңдату, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және қоғамдық сананы өзгертусекілді кешенді тәсілге байланысты. 

Әлеуметтік кодексті қабылдау кезінде ҚХА-ның рөлін атап өту қажет.

Мұнда бірнеше аспектілерді атап өту керек, әсіресе әлеуметтік қорғау, интеграция және әртүрлі этномәдени бірлестіктерді қолдау контекстінде.

Әлеуметтік қорғау және кемсітпеушілік саясатының қағидаттары ҚХА-ның этносаралық келісімді нығайту жөніндегі миссиясына сәйкес келеді, адрестік және сараланған тәсіл қағидаттары этникалық құрам үшін, этникалық қауымдастықтармен атаулы жұмыс істеу үшін, әртүрлі мәдениеттер өкілдерінің бейімделуіне жәрдемдесе отырып, білім беру, мәдениет және бейімделу, инклюзия және әртүрлілікті қолдау саласындағы бірлескен жобалар үшін негіз құра отырып, әртүрлі әдістемелерді әзірлеу кезінде қолданылады.

Қорытындылай келе, біздің еліміз қатаң заңдарды әлеуметтік қолдаумен үйлестіре отырып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға жүйелі көзқарасты көрсете отырып, қоғамдық стереотиптерді өзгертудегі прогресті көрсетіп отырғанын атап өткім келеді. Және де Қазақстан халқы Ассамблеясының институтына бірлескен заң жобалары, қоғамдық бақылау және әлеуметтік басымдықтар арқылы келісім мен тұрақтылық көзі ретінде басты рөл берілуде. Бұл уақыттың талаптарына жауап беріп қана қоймай, Қазақстанның гуманизм мен әділеттілік құндылықтарына деген адалдығын көрсетеді.

 

 

 

Бөлісу