Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен батырларға арналған «Победа» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі

26.09.2025 60

Бүгін мен Өскемен қаласындағы «Победа» мемориалдық кешеніндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсіміне қатыстым. Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның XXIV отырысы қарсаңында өтті.

Гүл шоқтарын қою рәсімі Ұлы Отан соғысының батырлары мен қаһармандарына терең құрметтің белгісі болып, олардың ерлігі мен жанқиярлығының арқасында кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйланғанын айғақтады.

Ұлы Жеңістің тарихи жадысын сақтау, батырлардың ерлігін ұлықтау және осы құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізу – мемлекеттеріміз бен халықтарымызды біріктіретін аса маңызды міндет болып саналады.

 

 

Бөлісу