ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы
Комиссия отырысы барысында басқа елдерден келген парламентшілерімен бірлесе отырып Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология саласындағы үлгі заң шығаруды дамытудың келешек бағыттарын, сондай-ақ кезекті кезеңге арналған болашақ жоспарға ұсыныстарды талқыладық.
Сонымен қатар «Булану газдары шығарындыларын шектеу туралы», «Жерге орналастыру туралы» үлгі заңдардың жобаларын, ТМД елдеріне арналған Жер кодексінің жаңа редакциясын, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы үлгі кодекске енгізілген өзгерістерді қарастырды. Парламентшілер XI Нева халықаралық экологиялық конгресінің қорытындыларын да талқыладық.