Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қарау бойынша Комитет отырысы

08.10.2025 157
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2020 жылғы 6 қарашада өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімге" қол қойды.  

Келісімді ратификациялау және ратификациялау қажеттілігі радиоактивті материалдарды бірнеше мемлекеттің аумақтарын қамтитын халықаралық тасымалдау кезінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының іс-қимылдарының келісімділігін, рұқсат құжаттарын өзара тануды және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін талап етуімен негізделеді.

Сонымен қатар, Келісім - ТМД мемлекеттерінің өзара іс-қимылы үшін құқықтық жағдайларды, сондай-ақ трансшекаралық тасымалдаулар кезінде рәсімдердің болжамдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заңды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келмейді. Қазақстанның атом саласының өсуін және оның халықаралық аренадағы рөлін нығайтуды ескере отырып, келісімді ратификациялау уақтылы және қажетті қадам болып табылады.

Келісім ережелерін іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейтінін атап өткен жөн, өйткені жұмыстар, бақылау және өзара іс-қимыл қолданыстағы мемлекеттік органдардың қызметіне біріктірілетін болады.

Бөлісу