Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Комитет отырысы

03.12.2025 159

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынуға рұқсат етіңіздер.

Заң жобасы Конституциялық Соттың 2023 жылғы
13 маусымдағы нормативтік қаулысын жүзеге асыруға бағытталған.

Анықтама үшін:

«Конституциялық Сот туралы» Заңның 64-бабына сәйкес, Конституциялық Сот заң нормаларын Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орғандар тиісті заң жобасын Парламенті Мәжілісіне енгізуді қамтамасыз етуге тиіс.

Бұл ретте, аталған Конституциялық заңның 63-бабына сәйкес, конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңдар немесе олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады және Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен бастап қолданылмайды.

Осы нормативтік қаулыға сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген барлық адамдарға кәсіпкерлік қызметке құқықты шектеу бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейтін болып танылды.

Яғни, мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген адамдар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.

Мұндай адамдарға РМК-да, коммуналдық кәсіпорындарда, коммуналдық мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мектептерде, ауруханаларда (бұлар бірінші басшылар, олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер, мемлекеттік сатып алу департаменттерінің басшылары, филиалдардың басшылары) басқару функцияларын жүзеге асыратын адамдар жатады.

Анықтама үшін:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабы 4) тармақшасына сәйкес «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамға» жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам, сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар (ҚР Президенттiгiне, Парламенттің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандардың, ауылдардың әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарына кандиданттар); еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражатынан жүргізілетін аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі; Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдарда  және азаматтық қызмет мекемелерінде басқару функцияларын жүзеге асыратын адамдар.

Сонымен қатар, бұрынғыдай, теңестірілген адамдар арасынан кейбір адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйымды сақтау ұсынылады:

1) мұндай тыйым жоғары тұрған акт – «Сайлау туралы» Конституциялық заңда бекітілгендіктен, өкілеттігін тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне;

2) аталған қызметшілер бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратындықтан Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілеріне (АО «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі»);

3) мұндай компаниялар қызметінің стратегиялық бағытына байланысты, ұлттық холдингтердегі және ұлттық компаниялардағы басқарушыларға (басшылар, орынбасарлар, сатып алу саласындағы бөлімшелердің басшылары және бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды іріктеуді және іске асыруды жүзеге асыратын бөлімшелердің басшылары).

Бұрынғыдай аталған ұйымдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтердің қатардағы қызметкерлері заңмен тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы, өйткені олар «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам» ұғымына жатпайтынын айта кету керек.

Конституциялық соттың ұсынысы бойынша заң жобасында теңестірілген адамдар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайтын жағдайлар көзделген. Яғни:

1) тиісті қызмет олардың лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтірмеуге тиіс (мысалға, жұмыс уақытында кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады);

2) тиісті қызмет олардың қызметтік мүлкін пайдалануына әкеп соқпауға тиіс (ұйымға тиесілі бөлмелерді, техникаларды және өзге де мүліктерді қолдануға рұқсат етілмейді);

3) лауазымдық міндеттермен мүдделер қақтығысына жол берілмейді (мысалға, теңестірілген адам жұмыс істейтін ұйым, осы адамнан тауарлар мен қызметтерді сатып алмауы керек, егер оның кәсіпкерлік қызметі осы тауарларды өндірумен немесе осы қызметтерді ұсынумен байланысты болса).

Конституциялық Сот оның тартымдылығын арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметті өткеру жағдайларын жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның (Мемлекеттік қызмет істері агенттігі), Президент Әкімшілігі бөлімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында мынадай түзетулер көзделген:

1. Қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында пайлық инвестициялық қорлардың, облигациялардың пайларын және коммерциялық ұйымдардың
5 пайызға дейінгі жай акцияларын сатып алуға және сатуға құқылы. Сонымен қатар, аталған адамдар сатып алынған акцияларды сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

Елде халықтық IPO-ны дамыту жөніндегі акция іске асырылып жатқандығына байланысты, сондай-ақ сенімгерлік басқару шартын нотариалды куәландыруға қосымша шығындарды болдырмау мақсатында, коммерциялық ұйымдардың акцияларының
5 пайызына дейін сенімгерлік басқаруға беру туралы талаптың күші жойылады
.

2. Коммерциялық ұйымдардың пайларын, облигацияларын, жай акцияларының 5 пайызына дейін сатып алуды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында (қор биржасында) ғана емес, басқа да заңды негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық-құқықтық мәміле арқылы, мұра бойынша және т. б. сатып алуға болады.

3. Азаматтық кодексте цифрлық активтер Салық кодексіне сәйкес олар табыс әкелетін және салық декларациясында көрсетілетін мүлікке жатқызылғандықтан, заң жобасында цифрлық активтерді сенімгерлік басқаруға бермей сатып алу мүмкіндігі көзделген.

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс алу құқығы бекітілетін болады. Осыған ұқсас норма Мемлекеттік қызмет туралы заңда бар және қолданылады.

5. «Үкімет туралы» Конституциялық заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда мұндай тыйым көзделмегендіктен, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге тыйым алынып тасталады.

Яғни Үкімет мүшелері, басқа саяси мемлекеттік қызметшілермен қатар өздеріне тиесілі үй-жайларды жалдауға бере алады.

Бұдан басқа, заң жобасында редакциялық сипаттағы түзетулер қамтылған.

Бөлісу