Өскемен қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімде алдағы референдумды талқыладық
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымыз аясында әріптесім Ш.Бұқтұғұтовпен бірге Өскемен қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы №27943 әскери бөлімінде болдық.
Іссапар барысында әскери қызметтің ұйымдастырылу тәртібімен, жеке құрамның орналастыру жағдайымен және жауынгерлік даярлық деңгейімен таныстық. Казарма үй-жайлары мен оқу инфрақұрылымына шолу жүргізіп, санитарлық талаптардың, қауіпсіздік нормаларының және белгіленген ішкі тәртіптің сақталуын атап өттік. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейіне оң баға бердік.
Жеке құраммен өткен кездесуде 15 наурызда өтетін республикалық референдум мәселелерін талқыладық. Әскери қызметшілер көкейтесті сауалдарын қойып, мазмұнды пікір алмасуға белсенді қатысты.
Кездесу қорытындысында жеке құрамға адал қызметі үшін алғыс білдіріп, алдағы референдумға қатысудың маңыздылығын атап өттік. Олар жалпымемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауда әрбір азаматтың белсенді ұстанымы айрықша мәнге ие екенін ерекше жеткізді.