Алтай ауданының тұрғындарымен ашық кездесу өткіздік
Іс-шара республикалық референдум өткізу мәселелері және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында әріптесіммен бірге ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттарын таныстырып, референдум өткізудің құқықтық тәртібін түсіндірдік және азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап бердік. Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, мазмұнды пікір алмасу жүзеге асты. Сондай-ақ ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту, мемлекеттік бастамаларды іске асыру және қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысында өз тарапымыздан қоғаммен тұрақты кері байланыс орнату мен ашық талқылау тетіктерін нығайту елдің орнықты дамуы мен құқықтық мемлекеттілікті нығайтудың маңызды шарты екенін атап өттік.