Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР жаңа Конституциясының жобасын талқылау мақсатында Алтай қаласының жұртшылығымен кездесу өткізілді

20.02.2026 51

Бүгін әріптесім, депутат Ш.Бұқтұғұтовпен бірге Мемлекет басшысы бастамашы болған ауқымды саяси жаңғырту аясында әзірленген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау мақсатында Алтай қаласының жұртшылығымен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткіздік.

Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару моделін жүйелі жаңғырту, Парламент рөлін күшейту, қоғамдық бақылау тетіктерін кеңейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу сындарлы және мазмұнды форматта өтті. Алтай тұрғындары талқылауға белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы өзгерістердің практикалық іске асырылуына қатысты сауалдарын қойды. Сондай-ақ, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және кеңінен түсіндіру жұмыстарының қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Жиналғандар алдында: «Жаңа Конституция жобасы – саяси жүйені жаңғырту мен биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған стратегиялық таңдау. Президент бастамаларын табысты іске асырудың кілті – ашық диалог пен азаматтардың қолдауы», – деп атап өттім.

Шәкәрім Сабырұлы өз кезегінде: «Президент бастамалары теңгерімді әрі әділетті басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Біздің міндетіміз – тағдырлы шешімдерді талқылауға азаматтардың нақты қатысуын қамтамасыз ету», – деді.

Кездесу соңында сенаторлар алдағы референдумда азаматтардың белсенді азаматтық ұстаным танытуының айрықша маңызын атап өттік.

 

Бөлісу