Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ШҚО-ның даму басымдықтары — Сенат назарында!

23.02.2026 46

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымыз аясында облыс әкімі А.Н. Сақтағановпен және облыстық мәслихат төрағасы Д.С. Рыпаковпен кездесу өткізділді.

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, облыстың туристік әлеуетін жүйелі дамытуға, туристік инфрақұрылымды жаңғыртуға және өңірлік маршруттарды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, іссапар барысында, әріптесім Ш.Бұқтұғұтовпен бірге Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратына қарасты «Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі» ШЖҚ КМК қызметімен таныстық. Кәсіпорынның қызмет нәтижелері, өзекті мәселелері және алдағы даму перспективалары жан-жақты қарастырылды.

Бұдан бөлек, алдағы референдумға дайындық мәселесі де талқыланды. Азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз ету, процестердің ашықтығын сақтау және халықтың белсенді қатысуын арттыру мақсатында жүйелі әрі сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

 

Бөлісу