Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сергей Алексеевич Карплюк ТМД ПАА бақылау-бюджеттік комиссиясының отырысына қатысты

24.02.2022 339

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтері — Таврия сарайында (Санкт-Петербург қ.) ТМД ПАА бақылау — бюджет комиссиясының отырысы өтті.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы парламенттерінің өкілдері, сондай-ақ ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының лауазымды тұлғалары қатысты.

Парламентшілер 2021 жылғы қаржылық міндеттемелердің орындалу барысын және 2022 жылы ТМД ПАА қызметін ұйымдастырушылық, техникалық және өзге де қамтамасыз етуге үлестік жарналарды аудару, 2023 жылға арналған үлестік жарналар туралы мәселелерді талқылады.

Сондай – ақ, «ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Хатшылығының қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы», ТМД ПАА Кеңесінің «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы қызметін қаржыландыру туралы» қаулылары және де ТМД ПАА бақылау-бюджет комиссиясының 2021 жылғы жұмыс қорытындылары қаралды.

Бөлісу