Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сергей Карплюк БҰҰДБ ХВҚ және ЭЫДҰ-мен бірлесіп ОДМ шеңберінде ұйымдастырған Жаһандық конференцияға қатысты

29.11.2023 300

Сенатор С. Карплюк Стамбул қаласындағы «Инклюзивті және тұрақты даму үшін мемлекеттік қаржыландыру: стратегиялық бюджеттік бастамалар мен фискалдық саясаттың рөлі» атты Жаһандық конференцияға қатысты.

Конференцияның мақсаты - тәжірибе алмасу және озық тәжірибелерді анықтау, сондай-ақ ОДМ-ға қол жеткізу үшін бюджеттік және фискалдық саясатты нығайту жолдарын қалыптастыру. Конференцияда сондай-ақ ОДМ-ға қол жеткізу мүддесінде мемлекеттік қаржыландыруға кешенді тәсілдерді қолдану үшін әлеуетті дамыту туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар климаттың өзгеруі және ОДМ-ға қол жеткізу үшін бюджеттеудің «жасыл» аспектілері, гендерлік теңдік пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету үшін бюджеттеу, қаржыландырудың интеграцияланған ұлттық тетіктері, тұрақты даму мүддесі үшін бюджеттік ашықтық пен есептілікті реформалау мәселелерін талқылады.

Бөлісу