Достастық елдерінің депутаттары БРИКС Х Парламенттік форумының қорытынды отырыстарына және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат Х БРИКС Парламенттік форумының қорытынды жиындарына және ТМД елдерінің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара барысында Достастық елдерінің депутаттары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ТМД ПАА-ның 2023 жылғы жұмысын қорытындылады.
X БРИКС Парламенттік форумының екінші күні кеңейтілген форматтағы Пленарлық отырыстың сессиясымен ашылды. Онда қатысушылар көпжақты сауда жүйесінің бөлшектенуіне қарсы іс-қимыл мәселелерін және жаһандық дағдарыстардың салдарынан туындайтын сын-қатерлерді еңсеру кезіндегі Парламенттердің рөлін талқылады. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту барысына назар аударды.