Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Федоров ауданы

20.08.2024 187

Бүгін Федоров ауданына жұмыс сапарымен Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Карплюк Сергей Алексеевич келді.

Сенатор Придорожное ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктке, Жаркөл элеваторына, медицина қызметкерлеріне арналған 24 пәтерлі тұрғын үйге және Абай атындағы жалпы білім беретін мектепке барды.

Депутат білім беру ұйымын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайтуға тұрақты негізде көмек көрсетілетін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен оң ынтымақтастық туралы атап өтті.

Сонымен қатар, С.Қарплюк Федоровка ауылындағы Тимирязев көшесіндегі жолдың орташа жөндеуімен, сондай - ақ Приозерное ауылындағы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасын іске асыру барысында жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысты.

Соңында Сенатор Федоров мәслихатының депутаттарымен кездесті. Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер көтерілді, оның ішінде сумен қамтамасыз ету, халықтың жеңілдетілген кредит беру бағдарламаларына қатысуы, аудандық аурухананы білікті мамандармен қамтамасыз ету туралы мәселелер көтерілді.

Депутат аталған мәселелер бақылауға алынғанын және тиісті мемлекеттік органдармен пысықталатынын атап өтті.

 

Бөлісу